Алматыда Биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша кезекті қазақстандық-ресейлік ведомствоаралық консультациялар өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара аясында тараптар еуразиялық кеңістіктегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы істердің жағдайы туралы мазмұнды пікір алмасты. Талқылау барысында жұқпалы аурулардың алдын алу және биологиялық қауіптерге бірлесіп қарсы тұру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тараптар мемлекеттер арасындағы қатынастардың артықшылығын, одақтастық сипатына толық сәйкес келетін биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша сындарлы диалогқа деген көзқарас туралы айтты.

Делегациялар аталған мәселелер бойынша шарт-құқықтық базаны кеңейтуге мүдделілігін растап, биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум жобасын келісуде айтарлықтай прогресс бар екенін атап өтті.
Консультациялардың кезекті раундының қорытындысы бойынша тараптар жалпы күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

