23 қаз, 2017 сағат 11:29

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көмек туралы келiсiм күшiн жойған жоқ - Әбдірахманов

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көмек туралы келiсiм күшiн жойған жоқ. Үкiмет отырысынан кейiн берген сұхбатында ҚР СIМ министрi Қайрат Әбдірахманов 100 млн доллар көмек жайлы ақпаратқа қатысты осылай айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Бiз Қазақстанда жүрiп Қырызстан Республикасының екi мемлекеттiң үкiметтерi қол жеткiзген келiсiмнiң күшiн жою ниетi жайлы бiлдiк. Келiсiм Қазақстанның Қырғызстан қызметтерiн Еуразиялық экономикалық одақтың мiндеттi техникалық регламентi пен басқа да мiндеттемелерiне сай келуi үшiн техникалық көмек көрсетуге бағытталған. Қазiргi таңда бұл жайлы Қырғызстаннан, сол елдiң лауазымды тұлғаларынан ешқандай ресми мәлiмет түскен жоқ. 18 қазанда Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлерiнiң төрағалығымен өткен екi елдiң үкiметаралық келiсiмi барысында бұл мәселе көтерiлген жоқ. Қазақстанмен техникалық көмек көрсету жөнiндегi келiсiмдi тоқтату мәселесi бойынша ақпаратты мен өздерiңiз сияқты бұқаралық ақпарат құралдарынан естiп отырмын. Қырғыз тарапы қай түрде мәселенi көтерсе де, бiз оған мұқият өз көңiлiмiздi бөлiп, екiжақты тиiстi келiсiмге келетiнiмiзге кәмiл сенемiн», - дедi Әбдірахманов.

Еске сала кетсек, жуырда бiрқатар БАҚ-та Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көмегiнен бас тартты деген ақпарат тараған болатын. Бұл көмек Қырғызстан қызметтерiн Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкестендiру жұмыстарына бағытталған.