Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан орташа қауіпті аймақтан тәуекелі төмен аймаққа ауысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан Республикасында 10 ақпандағы жағдай бойынша 198 086 науқас COVID-19 жұқтырған және 48 388 азаматқа КВИ- диагнозы қойылған. КВИ+ 179 277 науқас және КВИ- 37 998 науқас сауығып шықты. Инфекциялық төсек орындарының 26 пайызында науқас бар, реанимациялық орындардың 18 пайызында пациент жатыр.
«Осы аптада эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы бойынша Қазақстан орташа қауіпті аймақтан тәуекелі төмен аймаққа өтті. 3 өңір (Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы) қызыл аймақта тұр. Сары аймақта – 3 өңір (Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) бар. Қалған 11 өңір жасыл аймақта», - деді министр.