11 қаз, 2021 сағат 11:33

Қазақстан коронавирусты жұқтырудың төрт толқынынан өтті - Алексей Цой


Қазақстанда КВИ жұқтыру қарқыны бойынша төрт толқыны өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан індет жұқтырудың төрт толқынынан өтті. Бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының пайда болуына қатысты», - деді А. Цой. 

Оның айтуынша, соңғы рет індет жұқтыру деңгейі артқанда кезеңде тәулігіне 7 800 жағдай тіркелген. 

«КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмыстарды уақытылы жүргізуге байланысты індеттің таралуы қарқынын тежеуге әрі елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға ықпал етті», - деді министр.