17 нау, 2020 сағат 10:20

Қазақстан коронавирус қаупі жоғары елдердің тізімін кеңейтті

Қазақстан коронавирус қаупі жоғары 1а санатындағы мемлекеттердің тізімін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгіннен бастап бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына күшіне еніп отыр. Бұл жаңа қаулы бойынша бірнеше мемлекет тізімге қосылды пен санитарлық режім күшейтілді. 1а санатына бүкіл азаматтар карантинге жатқызылуы тиіс мемлекеттерге – Франция, Иран, Италия, Испания және Германия мемлекеті кіретін болады. Ал 1б санатына Қытай, Корея, бүкіл Шенген аймақтағы мемлекеттер міндетті түрде үй карантиніне жатқызылады. Бұрын қабылданған шешім бойынша 1а және 1б санатындағы мемлекеттерден шетел азаматтарына Қазақстанға кіру тыйым салынған», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.

Министр сонымен қатар екінші санат бойынша Филиппин, Катар, Үндістан, Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Әзербайжан, Тайланд және АҚШ-тан келетін азаматтар медициналық мониторингіге алынатынын жеткізді.

«Осы қаулы бойынша еліміздегі бүкіл медициналық және әлеуметтік ұйымдарда, интернаттарда карантин басталады. Карантин бойынша бұл мекемелерге сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі. Одан бөлек санитарлық дезинфекциялық режім күшейтіледі. Сонымен бірге медициналық мекемелерде фото, аудио түсіруге қатаң тыйым салынады», - деді ол.