27 қар, 2017 сағат 12:57

Қазақстан көмірі Финляндия мен Жапонияға экспорттала бастады

Қазақстанның көмірі Финляндия мен Жапонияға экспорттала бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Қазақстанның көмірі Ресей Федерациясына, Орталық Азияға және Еуропаның бірқатар елдеріне экспортталады. Биыл Финляндияға 2,7 млн тонна жіберілді және РФ үкіметінің арнайы қаулысы шығып, Ресей порттары біздің көмірді экспортқа шығара бастады. Осылайша, Жапонияға алғаш рет 9,3 мың тонна көмір жөнелтілді", - деп атап өтті  Қанат Бозымбаев.

ҚР Энергетика министрінің айтуынша, биылғы 10 айда Қазақстандағы көмір өндіру көлемі 86,6 млн тоннаны құраған. Оның 61,8 млн тоннасы ішкі нарыққа жеткізілсе, шамамен 23,4 млн тоннасы - сыртқа экспортталған.