23 қар, 2020 сағат 10:45

Қазақстан халық партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті

Қазақстан халық партиясының кезектен тыс XVI съезі барысында ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз саяси шоу жасаудан аулақ болдық. Бұл тұрғыда кәсіби білікті адамдарды таңдауға, олардың еңбегі мен жетістігіне қарауға мән бердік. Атап айтқанда, депутаттық міндетін адал атқаратындарды, қиындықтарға мойымайтын азаматтарды іріктейміз», - деді партия хатшысы Жамбыл Ахметбеков. 

Осы орайда ол аталған тізімге партия жұмысында өзін кәсіби біліктілігі жағынан көрсете алған адамдар енгенін атап өтті. 

«Біздің партия Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысады. Қазақстан халқы біздің идеялар мен бастамаларды қолдайды деп үміттенеміз. 125 адам таңдалды, оның ішінде ерлердің үлесі 89 адам немесе 71,2 пайызы, ал әйелдер 36 адам немесе 28,8 пайызы. Жастардың үлесі 7,2 пайыз, яғни 9 адам енді. Нәтижесінде, біз заңға сәйкес квотаны ескеріп отырмыз, бұл ретте 36 пайыз болды. Кандидаттардың орташа жасы - 46-да», - деді Ж. Ахметбеков. 

Тізімге енген кандидаттармен осы жерден таныса аласыздар