28 сәу, 2018 сағат 18:50

Қазақстан халқының Ассамблеясы «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру ұсынды

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану» жаңа жобасын жүзеге асыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы қазақ халқының рухани әсемдігі мен ішкі жан дүниесі тереңдігінің барша кеңістігін көрсетті. Дәуірлер тіріліп, ескерткіштер сөйледі. Қазақ халқының даналығы бірыңғай халықты байланыстырушы негіз болып отыр. Ассамблея «Қазақтану» жаңа жобасын ұсынып отыр, бұл өз кезегінде барша қазақстандықтарға қазақ мәдениетінің, тарихының, философиясының біріктіруші күші, қазақ халқының құндылықтары жөнінде түсінік беру үшін жасалуда. Осы орайда біздің философтар, жазушылар, ойшылдар бұл жайында әрбір Достық үйінде, мәдениет үйінде айтып жүргені дұрыс», - деді Ассамблея мүшесі, Шымкент Оқушылар сарайының директоры Наталья Романова ҚХА-ның XXVI сессиясында.

Сонымен қатар ол Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының маңыздылығына тоқталды.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, мен үшін және Оңтүстік Қазақстан облысындағы 80 мың педагог үшін Сіздің әлеуметтік бастамаларыңыз үлкен қуаныш сыйлады. Себебі соңғы 18 жылда Шымкент тұрғындары екі есеге артты. Көптеген тұрғындар үшін жеке баспанаға қол жеткізу арманға айналған еді. Ал «7-20-25» бағдарламасының арқасында Сіз бұл арманның жүзеге іске асуына жол аштыңыз. Нұрсұлтан Әбішұлы, көптеген отбасылар үшін отбасылық бақыттың жаңа формуласын жазып бердіңіз. 7 саны - ол отбасы; 20 - бұл жаңа баспана алатын жас; 25 - жеке баспанада жаңа ұрпақты тәрбиелеу мерзімі», - деді Наталья Романова.