16 ақп, 2026 сағат 12:14

Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі

Фото: ҚР ҚМ

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Ult.kz.

«Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін»,-деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі. 


Сондай-ақ ведомство Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.