27 сәу, 2020 сағат 10:11

Қазақстан карантин режимін жеңілдетуге дайын

Қазақстан карантин режимін жеңілдетуге дайын. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды "ҰЛт ақпарат".

ҚР Президенті Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын екендігін айтты. 

«Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады. Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды. Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажеттігін, күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн екендігін баса атап өтеді. 

«Кәсіпорын басшыларына және жергілікті атқару органдарына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бұл орайда барлық деңгейдегі әкімдіктердің рөлі айтарлықтай артады», - деді ҚР Президенті.