23 ақп, 2017 сағат 09:40

"Қазақстан инжиниринг" төрағасының бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды

"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков екі айға қамауға алынды, - деп хабарлады Астана қалалық сот баспасөз қызметі. 

"Есіл ауданы №2 сот шешімімен, бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алынды, яғни 16 сәуірге дейін", — деп хабарлады сотта.

Сұлтанбеков Астанада 22 ақпан күні ұсталған болатын. Қылмыстық істің қай бап бойынша қозғалғандығы әлі хабарланған жоқ.  Ұлттық компания сайты Сұлтанбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын мәлімдеді.

Қанат Сұлтанбеков бұрындары Астана және Алматы қалалары әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған, "Алматықалақұрылысында" инженер, бас инженер болып жұмыс істеген, сонымен қатар "Астана Халықаралық әуежайы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Білімі бойынша – құрылысшы инженер. "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы 2003 жылы құрылған. Қазіргі уақытта компанияның жалғыз акционері болып"Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ табылады. 2010 жылғы сәуірден бастап компания ҚР қорғаныс министрлігінің басқаруында.