Қазақстан Парламентінің делегациясы Женевада 24-28 наурыз аралығында өтіп жатқан 138-ші Парламентаралық одақ Ассамблеясының отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Делегацияның құрамында сенаторлар Сергей Ершов және Ерік Сұлтанов, сондай-ақ мәжілісмендер Бақтияр Мәкен және Ирина Смирнова бар.
Қазақстандық депутаттар қатысқан Ассамблеяның жалпы дебаттары мигранттар мен босқындардың құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерді шешуге арналған.
25 наурызда Ассамблея отырысы барысыда наясында қазақстандық парламентарийлер Олий Мажлис Заң шығару палатасының демократиялық институттар, мемлекеттік емес ұйымдар мен азаматтардың өзін-өзі басқару органдары жөніндегі комитетінің төрағасы Акмал Саидов бастаған Өзбекстан делегациясымен кездесті.
Тараптар Президент Н.Назарбаев пен Ш. Мирзиеевтің екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайтуға қосқан үлестерін атап өтті.