16 нау, 2020 сағат 10:12

Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды

Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«15 сәуірге дейін қазақстандықтардың ел аумағынан тысқары шығуына тыйым салынды. Бұл тыйымның ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мекемелері куәландырған құжатын ұсынған жағдайда шетелге емделеуге баратын азаматтарға қатысы жоқ», - делінген ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің Telegram парақшасындағы хабарламада.