03 мау, 2020 сағат 15:12

Қазақстан аумағында жалған еуро өткізумен айналысқан ресейлік сотталды

Қазақстан аумағында жалған еуро өткізумен айналысқан Ресей азаматы 5 жылға сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамыр айында Қазақстан аумағында номиналы 500 еуролық жалған купюраны өткізуді жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ құрамына енген тұлғаларға қатысты айыптау үкімі шықты.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері жалған ақша жеткізу каналының жолын кесті.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында айналымнан 500 еуро номиналындағы 151 жалған купюра алынды.

«Петропавл қалалық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 264-бабы 2-бөлімі, 231-бабы 3-бөлімі, 190-бабы 4-бөлімі, 392-бабы 1-бөлімі, 218-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыс жасауға тікелей қатысқан Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарылып, оған мүлкiн тәркiленумен, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, қылмыс жасауда серіктес болған тұлғаларға 5 жылға пробация бақылауын белгілеумен шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды», делінген хабарламада.