22 ақп, 2026 сағат 17:59

Қазақстан әуежайлары мен вокзалдары республикалық референдум туралы ақпарат алаңына айналды


Еліміздің барлық өңірінде жаңа Конституция жобасына қатысты ауқымды ақпараттық науқан басталды.
Жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдумға арналған ақпараттық баннерлер Қазақстан аумағындағы негізгі қоғамдық көлік объектілеріне орналастырылды.


Материалдар әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автовокзалдарда, метро станцияларында және ірі қалалар мен облыс орталықтарындағы аялдама кешендерінде орнатылды – бүкіл еліміз бойынша 60 ірі көлік хабы қамтылды.
Маңызды мәліметтер барлық өңірде жолаушылар ағыны жоғары, ең көп жүргінші жүретін көлік тораптарына орналастырылды. Бұл аудиторияны кеңінен қамтып, азаматтардың конституциялық өзгерістердің мәні мен алдағы дауыс беру рәсімі туралы түсіндірме ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Статикалық конструкциялар да, цифрлық форматтар да: LED-экрандар, лайтбокстар және қоғамдық көліктер ішіндегі мониторлар қолданылуда.


Науқанды ұйымдастырушылардың мәліметінше, ақпараттық материалдар еліміздің барлық облыстарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналастырылған.

Осы жұмыстың арқасында қазақстандықтар жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер туралы ақпаратты енді тек онлайн форматта ғана емес, ірі көлік нысандарында да ыңғайлы әрі қолжетімді түрде ала алады.