21 там, 2025 сағат 11:57

Қазақстан әскері жасанды интеллект енгізгенін жариялады

Фото: ҚР ҚМ

Қорғаныс министрлігі жанынан жасанды интеллектіні (ЖИ) дамытуға арналған жаңа бөлімше құрылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Негізгі мақсат – ЖИ экожүйесін қалыптастырып, әскерді бейбіт те, соғыс уақытында да тиімді басқаруды қамтамасыз ету.

Әскердегі жаңа технологиялар:

  • «Армия KZ»: AI агенті қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр;

  • «Ақылды әскери комитет»: әскерге шақырылушы деректерін талдап, оның қай бөлімге сай келетінін анықтайды;

  • «Бес қару»: әр жауынгердің шеберлігін арттыру үшін дайындық деңгейін бағалайды.

Сонымен бірге, Қарулы күштер енді қызметтік байланыс үшін отандық Aitu мессенджерін қолданбақ. Бұл шешім деректердің қауіпсіздігін күшейтіп, ақпарат ағындарын толық бақылауға мүмкіндік береді.