Фото: gov.kz
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов журналистерге Қазақстан Қарулы Күштері қаруды қай елдерден сатып алатынын және армияға кадрларды қайдан дайындайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біздің армияда әртүрлі елдердің қару-жарақтары бар. Біз тек Ресейден ғана емес, Түркиядан, АҚШ-тан, Қытайдан және басқа да мемлекеттерден аламыз. Кадрларды даярлау Қарулы Күштерде, әскерлер мен әскери құралымдарда жүзеге асырылады, біздің кадрларды даярлауға шарттар, келісімшарттар мен меморандумдар жасалды. Ол Ресейде, Беларусьте, Түркияда, Үндістанда, АҚШ-та, Қытайда, Пәкістанда және басқа елдерде өтеді. Осы жоғары оқу орындарында тікелей оқудан басқа, курстық дайындық және бөлімшелерді бірлесіп даярлау жүзеге асырылып жатыр", - деді Қамалетдинов Президенттің басшылығымен өткен Бүкілармиялық кеңес кулуарында.