Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 3 сәуір түскі сағат 12.00-де төрт адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Түркістан облысында - 2 адамға вирус жұққаны анықталған.
Жалпы науқастар саны 448 адам болды:
- Нұр-Сұлтанда - 199 адам
- Алматыда - 91 адам
- Қызылорда облысында - 26 адам
- Қарағандыда - 22 адам
- Атырау облысында - 20 адам
- Ақмола облысында - 19 адам
- Шымкентте - 11 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 15 адам
- Түркістан облысында -16 адам
- Алматы облысында - 9 адам
- Жамбыл облысында - 6 адам
- Ақтөбе облысында - 7 адам
- Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
Вирустан 27 адам айыққан. 3 адам қайтыс болған. Қазір елдің басым бөлігінде карантин жарияланған. Адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылған.