28 нау, 2018 сағат 08:23

Қазақ студенттері үшін Мажарстан мен Қытай елінен 300-ден астам грант бөлінді

27 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.С. Айтимова Венгрия мен Қытайдың шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Комиссияның отырысын өткізді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгрия Үкіметі арасындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Мажарстан тарапы 200 грант бөлді: 90 бакалавриаттың стипендиялары; магистратураға 90 стипендия және докторантураға 20 стипендия беріледі. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үстіміздегі жылдың 22 қаңтарынан 23 ақпанына дейін жүргізілді. Барлығы 872 өтініш келіп түсті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы 2018/2019 оқу жылының келісіміне сәйкес қытайлық тарап қытайлық жоғары оқу орындарында қазақстандық азаматтарды оқытуға арналған 125 стипендия ұсынды. Өтініш берушілердің құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 20 ақпанынан 7 наурызына дейін жүргізілді. Барлығы 325 өтініш берілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Қ. Сағадиевтің бастамасы бойынша үміткерлерді іріктеудегі ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, тиісті шет мемлекеттердің елшіліктері құрылды.

Сонымен қатар, ҚР БҒМ-ның мүшелері комиссия құрамына кірген жоқ. Комиссия шешімімен Мажарстан университеттерінде оқуға қабылданған 200 үміткерге, сондай-ақ Қытайдағы жоғары оқу орындарына оқуға 125 үміткерге грант берілді.