28 қар, 2017 сағат 09:01

Қазақ-қырғыз шекарасында 600-ден астам жүк көлігі тұр

Қырғызстанның шекара қызметінің мәліметінше, "Ақ тілек" өткізу бекетінде 490 жүк көлігі, Талас облысындағы «Чон-Капка» шекара бекетінде 162 жүк көлігі кептеліп тұр. Басқа шекара бекеттерінде әзірге кептеліс байқалмайды.

10 қазаннан бастап Қазақстан шекара бақылауын күшейтті. Бұл көліктердің ұзын-сонар кептелісіне әкелді. Ресми Астана мұны контрабандамен күресіп жатқанымен түсіндірді.

Осыған дейін Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін елдегі президент сайлауына араласып отыр деп сынға алған.

Қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай 17 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясында көтерілді.