11 қыр, 2017 сағат 13:47

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

Бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өтті. Жиында қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды.

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов: «Жаңа әліпби қабылдау, бір таңбаларды екінші таңбалармен ғана ауыстыру емес, ол - бұрынғы әліпбилерде жіберілген емлеге қатысты жаңсақ жазуды дұрыстау», - дейді.

"Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жасауда "бір әріп - бір дыбыс", "бір әріп - екі дыбыс" және "бір дыбыс" принципі қолданылды. 25 таңбалы әліпбиге қосымша қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту үшін 8 дыбысты таңбалайтын 8 деграфта ұсындық", - деді ол.

Қазақ әліпбиінің ұсынылған жаңа нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз:

Суреттер: tengrinews.kz