фото: Tengrinews.kz
Еліміздің аумағында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны нақтыланып жатыр. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Күштік құрылымдардың 16 қызметкері қаза тауып, 1 300-ден астамы жарақат алды. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар арасында да шығын бар. Нақты саны нақтыланып жатыр. Бүкіл ел бойынша 1 270 бизнес субъектісі зардап шекті. 100-ден астам сауда орталықтары мен банктер тоналды. Тек полицияның көліктерінің ғана шамамен 500-і қиратылды және өртелді. Ауқымды материалдық шығын келтірілді. Оның мөлшерін арнаулы Үкіметтік комиссия анықтайтын болады», - деді Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.
Айта кетейік, бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды.
