Бұрынғы ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шариф жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі қызметіне тағайындалдым», - деп жазады Қайрат Лама Шариф Instagram парақшасында.
Еске сала кетсек, 26 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылған болатын.