Кәсіпкер, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қалалық сотының мәліметінше, Құдайберген 2022 жылдың 21 қазанына дейін уақытша тергеу изоляторында болады.
"Соттың 16 тамыздағы қаулысы бойынша, күдіктіні қамауда ұстау мерзімін 21 қазанға дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Қайрат Құдайбергенді сәуір айының соңында ұсталған болатын. Ол қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды.