20 қаң, 2023 сағат 12:00

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі қайта ұзарды

Фото: facebook.com/KudaibergenKairat

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды. Ол 2023 жылдың 21 наурызына дейін қамауда болады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"2023 жылғы 20 қаңтарда сот шешімімен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, Қ.-нің қамауда ұстау мерзімін 2 айға ұзартуға санкция берілді", - делінген Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 21 сәуірінде ұсталған болатын. Ол 2022 жылдың қаңтарында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және оларға қатысты деген күдікке ілінді. Тергеу дерегінше, Құдайберген Алматыда Арман Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақүйінде бас қосу ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің төңірегіне топтасып, оны қолдауға шақырып, билікке ортақ талаптар қойған.