Қазақстанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың ұлы Теміржан Әбдірахманов «Қазақстан инжиниринг» басшысы болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайты на сілтеме жасап.
"Директорлар кеңесінің шешімімен Теміржан Әбдірахманов «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды" - делінген ресми хабарламада.
Ал Мұхтар Жұмағазыұлы Керейбаев «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
Теміржан Қайратұлы Әбдірахманов 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын, Нархоз университетін, Ұлттық зерттеу ядролық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Халықаралық жобалар және ынтымақтастық басқармасының менеджері қызметінен бастаған.
2010-2015 жылдары — ОҚО, «АППАК» ЖШС (Қазатомөнеркәсіп) түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2015-2017 жылдары — «Волковгеология» АҚ (Қазатомөнеркәсіп) стратегиялық даму, маркетинг және инновациялар департаментінің директоры.
2017-2020 жылдары — «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ бас директорының орынбасары.
2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» АҚ бас директорының орынбасары болды.