28 нау, 2018 сағат 17:01

Қайрат Әбдірахманов Ресей Елшілігіне барып көңіл айтты

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстандағы Ресей Елшілігіне келіп Кемероводағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстандағы Ресей Елшілігіне келіп Кемероводағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты», - деп жазады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасына.

Еске сала кетейік, Кемеровода болған ірі өрт апаты 64 адамның өмірін қиып, тағы 76 адам зардап шеккен болатын.