Фото: qarmaqshy-tany.kz
Көп жағдайда қайғылы оқиғалар мен басқа да келеңсіз жағдай балаларды қараусыз қалдырғанның салдарынан болып жатады. Мұны Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Сондықтан Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырды.
"Балаңыз бос уақытында немен айналысатынын және кіммен араласатының білгеніңіз абзал. Қазіргі таңда кез келген бала интернетке еркін кіреді, алайда білместікпен олар есірткі таратушылардың назарына түсіп, өздеріде есірткі тұтынуы мүмкін.
Алғашқыда балалар темекі шегіп, дәріханалық препараттарды қолданудан бастауы мүмкін. Балалар жәбірленуші болса немесе қылмыс істеуге тартылғаны жөнінде күдік болса полицияға хабарлау қажет. Әрбір өтініш тіркеліп, жедел ден қою шаралар қабылданады", - деп ескертті ол.
