Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қандай мәселелер қаралатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі дамудың әрі қарайғы шаралары қаралады», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.