22 там, 2020 сағат 10:30

Қауіпсіздік Кеңесінде өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңес қорытындысы бойынша қауіпті химиялық заттардың, жанғыш және жарылыс қаупі бар материалдардың айналымдарына тартылған, қауіптілігі жоғары объектілерде, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Адамдар жаппай жиналатын орындарда, газ-техникалық жұмыстар өндірісінде, сондай-ақ медициналық мекемелерде оттегімен жарақтандыруды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуге аса назар аударылуы тиіс екені айтылды.