03 шіл, 2017 сағат 10:40

Қатар мәселесін шешуге арналған алаңды ұсынуға дайынбыз - Назарбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, аталған мәселені реттеуде Қазақстан мен Түркияның "исламдық татуласу" бастамасы септігін тигізе алады, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылы 10-11 қыркүйек күні Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының алғашқы саммиті өтеді. Дәл осы шарада ислам елдері арасындағы диалогты орнатуға әбден болады. Мен барлық басшыларды шақырдым. Осы мемлекеттердің елшілерінен менің шақыруымды тағы бір мәрте жеткізуді сұраймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен кездесуде.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде тіркелген дипломатиялық миссиялар мен xалықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы "ЕАЭО-ШЫҰ-ЕО" ынтымақтастығын дамыту қажеттігін жеткізді.  Сондай-ақ, Президент МАГАТЭ-ның уран банкі ашылатын күнді жариялады.