Қазақстан Президенті Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Киото қаласында анимациялық студияда болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.
«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Өрт салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін» делінген жеделхатта.
Еске сала кетейік, Жапонияның Киото қаласындағы Kyoto Animation Co. анимация студиясынан шыққан өрт салдарынан 33 адам қаза тапқан болатын.