26 шіл, 2019 сағат 10:42

Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының атынан және жеке өзінің атынан Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы Беджи Ас-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.