20 мау, 2019 сағат 14:16

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьерімен екіжақты ықпалдастықты талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әңгімелесу барысында Биньямин Нетаньяху Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, ел игілігі жолында табыс тіледі.

Екі елдің басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, қорғаныс технологиясы саласындағы ынтымақтастық үшін жақсы мүмкіндіктердің бар екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-Министрінің 2016 жылғы Қазақстанға жасаған сапарының табысты болғанына тоқталып, жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.