Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Қазақстан халқына ант береді, деп хабарлайды Ақорда.
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардың эфирінде президент ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген еді.
"Қазақстан Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап президент өкілеттігін атқаруды тоқтатамын. Конституцияның 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігі қалған мерзімге сенат төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшеді", - делінген жарлық мәтінінде.
Конституцияның 42-бабы 2-тармағына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында 12:00-де ант береді.