ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізінен заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжан Республикасының 4 азаматын ұстады, - деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
Шара балықтарды қорғаудың «Бекіре» кең көлемді акциясы шеңберінде жүзеге асты.
Тексеру барысында ұсталғандардан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді.