коллаж: Tengrinews.kz
"VIP-казашка" деп танылған Қаскелең қаласының тұрғыны тағы да жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Алматы облысының полицейлері 16 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол ережесін бұзып, оны видеоға түсірген жүргізушіні анықтаған болатын.
Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 2001 жылы туған "Е" есімді азаматшаны ұстаған.
Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 591-бабы 2-бөлігі, 230-бабы 2-бөлігі тәртібінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Ал "TOYOTA Prado" маркалы автокөлік арнайы айып тұрағына қойылған.