Қашықтан оқыту аясында мұғалімдер мен оқушыларға қосымша компьютерлер сатып алынды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жергілікті атқарушы органдар бүгінде оқушыларды компьютермен, интернетпен қамтамасыз ету шараларын жалғастыруда. Мұғалімдер мен оқушыларға мектептердегі 250 мың компьютер таратылған болатын. 11 мыңнан астам компьютер қосымша сатып алынып, педагогтар мен балаларға жеткізіледі», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында.