Фото: Ақорда
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің әйелі, әнші Карла Бруни қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге жазба арнады, деп хабарлайды Ult.kz.
Айта кетейік, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне Франция Президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау ұйымдастырды. Іс-шарада екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары мен іскер, мәдени, спорт, дипломатия саласындағы өкілдер бас қосты.
"Өткен түні қазақстандық әнші @kudaibergenov.dimash -ты тыңдағаныма қуаныштымын. Кейбір дауыстар бізді өзге мекенге, Жер шарынан жыраққа, жұмақтан екі қадам жерге алып кетеді. @kudaibergenov.dimash, сіздің барыңызға рақмет. Керемет дарыныңызға, кербездігіңіз бен ерекше дауысыңызға, қарапайымдылығыңызға және мейірімділігіңізге рақмет", - деп жазды Карла Бруни.