10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдері 2018 - 2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың аралық қорытындыларын жасады. Осы бағыт бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.
Діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу тиімділігін арттыру бойынша шаралар қаралды.
ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.