20 мам, 2021 сағат 12:35

Карантин режимін бұзған 73 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды – министрлік


Жыл басынан коронавирусқа байланысты шектеу талаптарын бұзған 73 мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство ақпаратына сүйенсек, шектеу режимін бұзу оқиғаларының басым бөлігін карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу құрайды.

Осы жылдың 1 қаңтары мен 17 мамыры аралығында мониторинг топтары 85 118 рейд жүргізіп, 530 887 нысанды тексерген. Нәтижесінде 15 170 нысанның (2,8%) карантин талаптарын бұзғаны тіркелді. 

Карантин режимін бұзу оқиғалары негізінен анықталды:

- Шығыс Қазақстан облысында (3746); 

- Түркістан облысында (2344); 

- Алматы (984) облысында; 

- Алматы қаласында (2115); 

- Шымкент қаласында (1666).

«Жұмыс барысында 2662 кезектен тыс тексеріс жүргізіліп, кәсіпкерлерге 2438 ұйығарым тапсырылды. Сотқа 281 материал жіберілсе, 73 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

8613 нысанға және 6 576 жеке тұлғаға жалпы сомасы 1, 210 миллиардтан астам теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды. Жеке тұлғалар көбіне қоғамдық орындарда (жабық ғимараттарда, көлікте) бетперде кимегені үшін жауапкершілікке тартылған», - делінген комитет ақпаратында.