Алматыда 50-ден астам жүргізуші қалада мақсатсыз жүргені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қалалық ПД мәліметінше, төтенше жағдайдың және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы үшін қаланың ішінде 41 тексеру бекеті ұйымдастырылған.
«Нәтижесінде, қалада жүруге рұқсаты жоқ 7485 көлік тіркелді. Қалада заңсыз жүріп-тұрғаны үшін 211 жүргізуші ұсталды, оның 51-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 160 жүргізушіге қатаң ескерту жасалды»,– деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.
Десекте, қазір қала көшелерінде көлік қозғалысы төмендеген.
«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен жүргізілген талдау бойынша қаланың негізгі көшелері бойымен көліктердің қозғалысы төмендегенін көрсетті. Сонымен, сағат 08.00-ден 09.00-ге дейін АШАЖ, Райымбек – Саин, Сейфуллин – Жансүгіров, Төле би – Розыбакиев барлық бағыттарда 4 398 көлік тіркелді. 11 наурызда аталған учаскелердегі көлік саны 19 546 бірлікті құраған болатын», – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.