Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі жарияланады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі», деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады. Бұл туралы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі Akorda.kz сайтына түске дейін жарияланады», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.