30 нау, 2020 сағат 18:08

Карантин кезінде толтырылған негізсіз жазаны сотта қарауға болады – Марат Бекетаев

Карантин режімін бұзғаны үшін берілген негізсіз жазаны сотта қарауға болады. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Егер де күдік болғанымен, хаттама толтырылып жатса, онда бұдан трагедия жасаудың қажеті жоқ. Карантин режімін бұзу - ол міндетті сотта қаралатын құқықбұзушылыққа жатқызылған. Қашықтан болса да, сотта қаралады», - деді М. Бекетаев Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, хаттама толтырылған кезде полицейден бұл әкімшілік іс қай сотта қаралатынын сұрау керек. 

«Кейіннен сотқа өзіңіздің дәлелдеріңізді ұсыну керек, бұған қосымша уақыт беріледі. Сот нақты істегі барлық жағдайды ескере отырып шешім қабылдайды», - деді министр.