17 сәу, 2020 сағат 16:12

Карантин: Алматыда массаж салонына барған төрт ер адам ұсталды

Алматыда карантин кезінде массажға барған төрт адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз департаментінің хабарлауынша, тексеріс кезінде массаж салонында 7 бойжеткенің қызмет көрсетіп жатқаны анықталды. 

«Салонның бірі қаланың Медеу ауданында орналасқан. Екіншісі – Бостандықта. Тексеру кезінде ол жерде жеті бойжеткеннің қызмет көрсеткені белгілі болды. Ішінде салон әкімшілері де бар. Әкімшілік іс жүргізу үшін 11 адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу болып танылды», – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков. 

Оның айтуынша, әлі күнге дейін көп адам вирустан қандай қауіп төніп тұрғанын біле бермейді. 

«Мұндай фактілер, өкінішке қарай, бір-екеу емес. Олардың қызметі міндетті түрде тоқтатылады, кінәлілер жазаланады. Бұл бағытта арнайы мобильді топтар жұмыс істеп жатыр», – дейді Н. Алмасбеков.