17 қаң, 2022 сағат 16:47

«Қаралы қаңтар»: ҚР ІІМ оқиға куәгерлеріне үндеу жасады


ҚР Ішкі істер министрлігі қаңтардағы қайғылы оқиға куәгерлерінен фото және видеоматериалдармен бөлісуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер сізде фото және видеоматериалдар болса, онда оны құпиялылық шарттарымен арнаулы сайтқа жібере аласыз. Сіз бір өтінім арқылы жіберілетін файлдың ең жоғары көлемі 100 МБ мөлшерінде 5 файлға дейін жіберу мүмкіндігіңіз бар», - делінген министрліктің хабарламасында. 

Сонымен еліміздің барлық аумағында орын алған оқиғалар кезінде түсірілген адамдардың жиналуы мен шеруі, жаппай тәртіпсіздік, қару қолдану, билік өкілдеріне (оныңішінде полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және тағы басқаларына) шабуыл жасау және соққыға жығу, луазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасау, әкімшілік ғимараттарды басып алу, арнаулы көлік құралдарын басып алу, мүлікті қирату және тонау видеоларын Ішкі істер министрлігіне жіберуге болады.

Азаматтардың ыңғайы үшін арнаулы сайтқа келесі жолдармен өтуге болады:

1) «102» мобильдік қосымшасы. Фото/видеоматериалдар жолағына 5 файлға дейін жүктеуге болады. Файлдардың көлемі 100 МБ-тан аспауы керек. Jpeg, jpg, png, gif, tiff, bmp, heic, heif, MP4, MOV, WMV, AVI, AVHCD, FLV, F4V, MKV, WEBM, VOB, H.264, MotionJPEG (MJPEG) форматындағы файлдар қабылданады. 

2) ҚР ІІМ Telegram-бот. «Тәртіпсіздіктерге қатысты фото/видео жөнелту» түймесін басқан кезде сайт сілтемесі мен өту түймесі ашылады.

3) ҚР ІІМ парақшасындағы ВК-бот. ҚР ІІМ парақшасынан жеке хабарландыруға өту және «Тәртіпсіздіктерге қатысты фото/видео жөнелту» түймесін басу қажет. Сонда сайт сілтемесі мен өту түймесі ашылады.

4) ҚР ІІМ сайтының оң жақ төменгі бұрышында орналасқан виджет.«Тәртіпсіздіктерге қатысты фото/видео жөнелту» түймесін басу қажет.