21 қар, 2022 сағат 11:25

Қарақат Әбден Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады


Президенттікке үміткер Қарақат Әбден еxit poll қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан халқына үндеу жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Құрметті қазақстандықтар! Кезектен тыс өткен президенттік сайлаудың Exit poll нәтижесі шықты. Бұл саяси додада жеңіске жеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын шын жүректен құттықтаймын. Ашық та әділ өткен бұл сайлау еліміздегі демократияның айқын көрінісі болды. Ел жүгін арқалау – өте үлкен жауапкершілік", - деді Қарақат Әбден.

Ол бүгін елімізге бірлік пен береке ауадай қажет екенін айтып, ел тізгінін қолға алатын Қасым-Жомарт Кемелұлына шабыт пен қажымас қайрат тіледі.