Қарағандылық кәсіпорын 120 тоннадан астам темір рудасын Қытайға заңсыз сатқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг комитеті хабарлады.
«2021 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысында облыс аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз темір кенін өндіру дерегінің жолы кесілді. 2016-2017 жылдар аралығында облыстағы коммерциялық кәсіпорындардың бірі 128 тоннадан астам темір кенін өндіріп, үлестес компания арқылы ҚХР-на өткізген. Бұл ретте, сомасы 1,1 млрд теңге болатын пайда тапқан», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 214-б. 2-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісін қозғады.