15 мам, 2021 сағат 13:57

Қарағандылық дәрігерлер ауыл-аймақта көшпелі консультация ұйымдастырады


Қарағанды облысында шалғай қалалар мен аудандардың тұрғындары тұрғылықты жерлерінде білікті медициналық көмек ала алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың мамандары мамыр-маусым айларында көшпелі кеңес беруді жоспарлап отыр. 

Олар Осакаров, Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарын, Жезқазған және Балқаш қалаларын аралайды. 

Көшпелі бригадаларға травматологтар, хирургтар, невропатологтар, окулистер, ЛОР-дәрігерлер кіреді. 

Дәрігерлердің сапар кестесі мынадай:

- Жаңаарқа ауданы – 17 және 18 мамыр (хирург – Жасұлан Хасенов, анестезиолог – реаниматолог - Станислав Бошков);

- Жезқазған – 17 және 18 мамыр (ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Манас Әміров, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов);

- Осакаров ауданы – 7 маусым (офтальмолог – Кира Делибораниди, отоларинголог – Айдан Мусин, ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Алексей Тарасюк, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов);

- Қарқаралы ауданы – 14 маусым (офтальмолог – Маржан Аркен, отоларинголог – Руслан Абдуғаниев, ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Алексей Тарасюк, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов);

- Балқаш – 21-22 маусым (невропатолог-эпилептолог – Сацита Висурханова, невропатолог-паркинсолог – Елена Чернецкая, ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Алексей Тарасюк, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов). 

Мақажанов атындағы клиника әкімшілігі аудандық және қалалық ауруханаларда қабылдау күні мен уақытын нақтылауды сұрайды.