фото: andresr / Getty Images
Қарағанды облысындағы шахтада болған апаттан қаза тапқандар саны өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
"Сағат 16:00 жағдай бойынша, Костенко атындағы шахтада 32 адамның денесі табылды, 14 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр" - делінген хабарламада.
Айта кетейік, "АрселорМитталТеміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылған.
Ақпараттық және психологиялық қолдау үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.